Windows Update жаңартуларын Басқару серверімен синхрондау

Бағдарламаны жылдам іске қосу шеберінің Жаңартуларды басқару параметрлері терезесінде Басқару серверін WSUS сервері ретінде пайдалану нұсқасын таңдасаңыз, Windows Update-пен синхрондау тапсырмасы автоматты түрде жасалады. Тапсырманы Тапсырмалар қалтасында іске қосуға болады. Microsoft бағдарламалық жасақтамасын жаңарту функциясы Windows Update жаңартуларын синхрондау тапсырмасы сәтті аяқталғаннан кейін ғана қолжетімді.

Microsoft бағдарламалық жасақтамасының жаңартулары 10 ГБ-тан асуы мүмкін. Басқару серверінің дерекқоры осындай томдарды өзіне сыйғыза алатынына көз жеткізіңіз, әйтпесе Windows Update жаңартуларын синхрондау тапсырмасы орындалмайды. Microsoft SQL Express дерекқорына Windows Update жаңартуларын синхрондау тапсырмасы үшін қолдау көрсетілмейді.

Windows Update жаңартуларын синхрондау тапсырмасы Microsoft серверлерінен тек метадеректерді ғана жүктейді. Егер желіде WSUS сервері пайдаланылмаса, онда әрбір клиент құрылғысы Microsoft жаңартуларын сыртқы серверлерден дербес жүктейді.

Windows Update жаңартуларын Басқару серверімен синхрондау тапсырмасын жасау үшін:

  1. Консоль ағашында, КеңейтілгенБағдарламаларды басқару қалтасында Бағдарламалық жасақтама жаңартулары салынған қалтасын таңдаңыз.
  2. Қосымша әрекеттер түймесін басыңыз да, ашылатын тізімнен Windows Update жаңартуларын синхрондауды конфигурациялау мәнін таңдаңыз.

    Шеберде Windows Update жаңартуларын синхрондау тапсырмасы жасалып, Тапсырмалар қалтасында көрсетіледі.

    Windows Update жаңарту орталығынан деректерді алу тапсырмасын жасау шебері іске қосылады. Содан кейін, шебердің нұсқауларын орындаңыз.

Windows Update жаңартуларын синхрондау тапсырмасын Тапсырмалар қалтасында Тапсырма жасау түймесі арқылы жасауға да болады.

Microsoft өз серверлерінен ескірген жаңартуларды мезгіл-мезгіл жойып отырады, осылайша өзекті жаңартулар саны 200 000-нан 300 000-ға дейін құрайды. Пайдаланылатын диск кеңістігін және дерекқор өлшемін азайту үшін Kaspersky Security Center бағдарламасы Microsoft жаңарту серверлерінде жоқ ескірген жаңартуларды жояды.

Windows Update жаңартуларын синхрондау тапсырмасын орындау барысында, бағдарлама Microsoft жаңартулар серверінен өзекті жаңартулар тізімін алады. Содан соң, Kaspersky Security Center бағдарламасы ескірген жаңартулар тізімін анықтайды. Осалдықтарды және қажетті жаңартуларды іздеу тапсырмасын келесі жолы іске қосқан кезде, Kaspersky Security Center бағдарламасы ескірген жаңартуларды белгілеп, жою уақытын белгілейді. Windows Update жаңартуларын синхрондау тапсырмасын келесі жолы іске қосқан кезде, 30 күн бұрын жою үшін белгіленген жаңартулар жойылады. Kaspersky Security Center бағдарламасы 180 күннен артық уақыт бұрын жою үшін белгіленген ескірген жаңартуларды жою үшін қосымша тексерісті де орындайды.

Windows Update жаңартуларын синхрондау тапсырмасының жұмысы аяқталғаннан және дерекқорларда ескірген жаңартулар жойылғаннан кейін, жойылған жаңартулар файлдарының хеш-кодтары, сондай-ақ олар бұған дейін жүктелген болса, %AllUsersProfile%\Application Data\KasperskyLab\adminkit\1093\.working\wusfiles қалтасында оларға сай келетін файлдар қалып қоюы мүмкін. Басқару серверіне техникалық қызмет көрсету тапсырмасының көмегімен мұндай ескірген жазбаларды дерекқордан және оларға сай келетін файлдардан жоюға болады.

Бұл бөлімде:

1-қадам. Трафикті азайту қажеттілігін анықтау

2-қадам. Бағдарламалар

3-қадам. Жаңартулар санаттары

4-қадам. Жаңартулардың локализация тілі

5-қадам. Тапсырманы іске қосу үшін есептік жазбаны таңдау

6-қадам. Тапсырма кестесін конфигурациялау

7-қадам. Тапсырманың атауын анықтау

8-қадам. Тапсырманы жасауды аяқтау

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Үшінші тарап бағдарламаларын жаңарту

Басына оралу